Елеулі өзгерістер басталды

Елеулі өзгерістер басталды

Елеулі өзгерістер басталды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы, жетекші партияның Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өткен кезектен тыс XXII съезге делегат ретінде қатыстым. Бұл күн мен үшін, менің әріптестерім мен қазақ халқы үшін айтулы күн деп есептеймін.  Партия төрағасы саяси ұйымды жаңғыртуға бағытталған жеті басымдылықты ерекше атап өтті. Мұнда орталық аппараттың тиімділігін арттыру, қағазбастылықтан түбегейлі бас тарту, партияластар арасында ынтымақтастықты күшейту, партиялық бақылауды күшейту, халықтың әр түрлі топтарымен тығыз жұмыс істеу және кері байланыс жасау сияқты міндеттер қойылған. Саяси ұйым мүшелері арасында ынтымақтастықты арттыру шеңберінде бастауыш партия ұйымдарын ірілендіру, округтік бастауыш партия ұйымдарын құру, жергілікті ұйымдардың төрағаларына бағалау жүйесін енгізу және халықпен кері байланыс жасауда қоғамдық кеңестердің санын оңтайландыру жайттары қарастырылған. Сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын проактивті форматқа ауыстыру, яғни шалғай елді мекендерде қоғамдық қабылдауларды жиі өткізуге екпін берілетін болды. Партия жұмысында ашықтықты арттыру үшін барлық деңгейдегі мәслихаттарда сайланған депутаттардың жұмысының рейтинг қорытындыларын жариялау сияқты басымдықтар ұсынылды. Халықтың әр түрлі топтарымен жұмыс істеу барысында 6 партиялық жобаның іске асырылуы сараланды. Саяси ұйымды жаңғырту шынайы жүзеге асырылады және ол «Жаңа Қазақстан» бағыты аясында жаңа тұлғалар мен елеулі өзгерістерді ұсынады. Бұл өзгерістердің барлығы Президенттің халықтың мұң-мұқтажынан хабардар екенін білдіреді. Партия қазірдің өзінде жұмыс бағытын өзгертіп, нұсқаулықтарды формальды түрде орындаудан алшақтап, «далада» жұмыс істеуге бел буды. Бұл партияға жаңа серпін беріп, оның ұтқырлығын арттырады, азаматтардың өтініштеріне тез жауап беруге, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда азаматтардың мүдделерін табанды және дәйектілікпен қорғауға мүмкіндік береді деп ойлаймын.

 Роза ДЖУНУСОВА,

«AMANAT» партиясының Үржар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары