Зеленский Путинге қояр басты талабын айтты

Зеленский Путинге қояр басты талабын айтты

Зеленский Путинге қояр басты талабын айтты
ашық дереккөзі
50261
Украина Президенті Владимир Зеленский Reuters және CNN басылымдарына берген сұхбатында Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздерге дайын екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Әлем Ресей Федерациясы Президентін келіссөз үстеліне отырғызу керек екенін түсінеді, ал мен олармен келіссөз үстеліне отыруға әлі дайынмын», - деді Зеленский.
Сонымен қатар, ол келіссөздерді бастау үшін Ресей тарапына қояр алдын ала шартын атады.
«Біз, ең болмағанда, адамдарды бомбалауды тоқтатуымыз керек. Тек бомбалауды тоқтатып, содан кейін келіссөз үстеліне отыруымыз керек», - деді Зеленский.
Осы орайда, ол украиналықтардың өмірінің соңына дейін күресетінін де ескертіп өтті.
«Себебі біз өз үйіміздеміз. Балаларды үйде қорғаймыз. Біз мұны шын жүректен жасаймыз. Өзіміздің балаларымыздың болашағы үшін бәрін қорғауға тиіспіз деп есептеймін», - деді Президент.
Зеленский, сонымен бірге, НАТО елдерін Украинаның әскери одаққа мүшелікке мүмкіндігі бар-жоғына нақты жауап беруге шақырды. Егер одақ мұндай перспективаға дайын болмаса, онда Президент НАТО елдері Украинаның қауіпсіздігіне, оның аумағы мен шекараларының мызғымастығына заңды кепілдік беруі керек деп атап өтті.

Серіктес жаңалықтары