Қызметтік көлікпен заңсыз аң аулаған аудан әкімінің орынбасары ұсталды (ВИДЕО)

Қызметтік көлікпен заңсыз аң аулаған аудан әкімінің орынбасары ұсталды (ВИДЕО)

Қызметтік көлікпен заңсыз аң аулаған аудан әкімінің орынбасары ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің орынбасары заңсыз аң аулағаны үшін ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Экология министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 27 ақпанда жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында «Охотзоопром» МКҚК инспекторлары Сүмбе шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы облысы Райымбек ауданы Шалкөде ауылында Skoda және Honda автокөліктерін тоқтатқан. Skoda автокөлігін тексеру кезінде инспекторлар бұғы етін, сонымен қатар патрондары бар «Вепр» және «Иж-27» аңшы мылтықтарын тапты. Күдіктілердің бірі Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Жусанбаев болып шықты. Сондай-ақ ол мемлекеттік нөмірі 601 VV 05 қызметтік автокөлігін пайдаланған. Бір қызығы, Ғалым Жусанбаев инспекторларға өзін Самат Хасенов деп таныстырған. Оқиғаға қатысты экология жанашыры Сәкен Ділдахмет Алматы облысының әкімдігі мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері тиісті шара қолдануы керек деген пікір айтты.