ЕуроОдақ Ресейге қарсы экономикалық соғыс ашатынын хабарлады

ЕуроОдақ Ресейге қарсы экономикалық соғыс ашатынын хабарлады

ЕуроОдақ Ресейге қарсы экономикалық соғыс ашатынын хабарлады
ашық дереккөзі
50319
Еуроодақ елдері Ресейге қарсы жаппай экономикалық соғыс ашуды көздеп отыр. Бұл туралы Францияның Экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэр «France Info» радиостанциясының тікелей эфирінде мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Біз Ресейге қарсы жаппай экономикалық және қаржылық соғыс ашамыз, оның зардаптарын орыс халқы өтейді», - деді министр.
Оның айтуынша, Батыстың Ресейге қарсы салған санкциялары «ерекше тиімді». Ле Мэр қабылданған шаралар ЕО елдерінің экономикасына да әсер етуі мүмкін екенін мойындады. Соған қарамастан, «Еуропа емес, Ресей зардап шегеді» деп мәлімдеді.
«АҚШ пен Еуропа бірігіп, планетадағы ең қуатты экономикалық блокты құрайды, біз Ресей экономикасының күйреуіне әкелеміз», - деді Бруно Ле Мэр.
Оның айтуынша, Ресейдің бұғатталатын активтерінің көлемі 1 триллион долларды құрайды. Батыс қажет болған жағдайда санкцияларды одан әрі күшейтуге дайын деп қосты министр.

Серіктес жаңалықтары