Тоқаев партияның атауын «Аманат» деп өзгертудің себебін түсіндірді

Тоқаев партияның атауын «Аманат» деп өзгертудің себебін түсіндірді

Тоқаев партияның атауын «Аманат» деп өзгертудің себебін түсіндірді
ашық дереккөзі
50327
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының атауын неге «Аманат» деп қойғанының себебін түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Партия барлық реформаға ұйытқы болуы тиіс. Ол үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе - партияны жаңғырту. Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда, партияның өзгеруі заңдылық. Бұл - уақыт талабы. Осыған орай, жаңа ғана айтылғандай, саяси ұйымның атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Жасыратын ештеңе жоқ, мен де бұл мәселеге байланысты пікірталасқа қатыстым. Бірнеше ұсыныс болды. Соның ішінен «Аманат» деген атауға тоқтадық. Бұл - еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым», - деді Мемлекет басшысы партияның кезектен тыс съезінде.
Президенттің айтуынша, егемендіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз - бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек.
«Мемлекеттілік, дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз, міне, осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары