Қазақстан Украина мен Ресей арасына келіссөз алаңын ұсынуға дайын

Қазақстан Украина мен Ресей арасына келіссөз алаңын ұсынуға дайын

Қазақстан Украина мен Ресей арасына келіссөз алаңын ұсынуға дайын
ашық дереккөзі
Қазақстан Украинадағы ахуалға алаңдап отыр деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді. Ол Женевада өтіп жатқан Адам құқықтары жөнінде БҰҰ Кеңесінің 49-сессиясына қатысып жатыр. Министрдің мәлімдеуінше, Қазақстан Ресей - Украина арасындағы келіссөзді мұқият бақылап отыр және ол жанжалдың бейбіт реттелуіне үмітті. «Көптеген мемлекет Ресей және Украина тараптарының тезірек келіссөздер өткізуін қолдап отыр. Әрине, Қазақстан да осыны қалайды. Сондықтан Ресей мен Украина ниетін танытса, өз жағымыздан келіссөздер өтетін алаңмен қамтамасыз етуге дайынбыз», - деді Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді. Тағы оқи отырыңыз: Украина қарулы күштері буряттарды тұтқынға түсіріп жатыр (ВИДЕО)