«Катамаранға ұқсас»: әлемдегі екі корпусты ең үлкен ұшақ сынақтан өтті (ВИДЕО)

«Катамаранға ұқсас»: әлемдегі екі корпусты ең үлкен ұшақ сынақтан өтті (ВИДЕО)

«Катамаранға ұқсас»: әлемдегі екі корпусты ең үлкен ұшақ сынақтан өтті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қанатының кеңдігі 117 метрге жететін әлемдегі ең үлкен қос корпусты Stratolaunch кезекті сынақ аясында екі сағатқа жуық ұшты деп хабарлады turkystan.kz. Ұшақтың қозғалтқышы шайқалып, қауіпті шам жанғанда жерге қайта оралды. Сынақ кезінде ұшақ Калифорниядағы Мохаве аэроғарыш портынан 4572 метр биіктікке көтеріліп, сағатына 853 шақырым жылдамдықпен қозғалды. Бұл алып ұшақты 2011 жылы Stratolaunch компаниясы жасаған. Содан бері олар жетілдіру жұмыстарын істеп жүр. «Бүгінгі сынақ ұшақтың тасымалдау және ұшу жүйесінің жақсарып келе жатқанын көрсетті», - деді Stratolaunch компаниясының директоры Захари Кревор. Stratolaunch Boeing 747 сияқты кеме қозғалтқышымен жабдықталған, бос тұрған кезде салмағы 227 тонна. Ол аспанда 580 тоннаға дейін жүкті көтере алады. Тағы оқи отырыңыз: Соғыс қимылдары кезінде әлемдегі ең ірі жүк ұшағы жойылды