Қазақстан қалаларында 114 «SOS» түймесі орнатылған

Қазақстан қалаларында 114 «SOS» түймесі орнатылған

Қазақстан қалаларында 114 «SOS» түймесі орнатылған
ашық дереккөзі
Бұл туралы онлайн брифингте Ішкі істер министрлігі ақпараттандыру және байланыс департаментінің бас маманы Әділ Сәрсенов мәлімдеді деп жазды turkystan.kz.
«Заңға қайшы әрекеттер немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде «SOS» түймелері көмекке келеді. Қазір елімізде 114 осындай құрылғы орнатылған. Қызметтік жұмысты цифрландырудың маңызды жобаларының бірі - Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірлескен қылмыстық іс жүргізуді электрондық форматта жүргізу жобасы. Бүгінде тергеушілер мен анықтаушылардың барлық жұмыс орындары қажетті техникамен, құрал-жабдықтармен жабдықталған. Тиісті байланыс арналары ұйымдастырылған», - деді Әділ Сәрсенов.
Департаменттің бас маманы «102» мобильді қосымшасының телефон арқылы түсетін қоңыраулардан бөлек, әлеуметтік желі арқылы түсетін мәліметтерді де тіркейтінін айтады.
«102 мобильді қосымшаға тіркелу арқылы азаматтар жедел басқару орталығының желісі бойынша хабарлама қалдыра алады. Жол-көлік оқиғалары, жол ережелерін бұзу, бала кезінде куә болған заңға қайшы оқиға, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы пен бірге фото және бейнематериал қоса бере алады. Қазіргі таңда «102» қосымшасын 53 мыңнан астам қолданушы жүктеген. Қосымша жұмыс істей бастағаннан бері 128 мыңға жуық хабарлама келіп түсті. Оның ішінде Telegram арқылы – 5610, Facebook арқылы – 3914, Вконтакте арқылы – 484, ІІМ сайты арқылы – 20367 хабарлама жолданған», - деді Әділ Сәрсенов.
Министрлік өкілінің айтуынша, аталмыш қосымшаның көмегімен кез келген автокөліктің VIN және мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізіп, көлік құралының тарихы туралы ақпарат алуға болады. Бұл қызмет іске қосылған сәттен бастап азаматтардан 5 мыңдай сұрау түскен.