«Алматыда шеруге шыққандар бірін-бірі бұрыннан таныған» - тергеуші

«Алматыда шеруге шыққандар бірін-бірі бұрыннан таныған» - тергеуші

«Алматыда шеруге шыққандар бірін-бірі бұрыннан таныған» - тергеуші
ашық дереккөзі
50292
Алматылық тергеуші қаңтар оқиғасы кезінде куә болған оқиға туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz.  Алмалы аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі Ербол Нұрмановтың айтуынша, Алматыда қаңтарда болған шеру алғашында бейбіт сипатта болған. Алаңға жиналғандар жай ұрандатып тұрған. Алайда, кейіннен жағдай күрт өзгерген. Ол кезде Ербол Нұрманов әріптестерімен бірге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қаладық әкімдіктің алдында қызметте болған.
«Ешқандай араңдатуға ермей, ешкіммен сөйлеспей, ешкімге қарсылық көрсетпей, өз міндетімізді атқарып тұрдық. Жиналғандар бір-бірін бұрыннан танитындай амандасып жатты. Қойылған қоршауларға жақындап «біз жаққа өтіңдер» дегендер де болды», – деді ол.
Тергеушінің айтуынша, бүлікшілер тіпті қызметтік әскери көліктерді де тартып алған.

Серіктес жаңалықтары