Балаларын көре алмай жүрген Қайрат Нұртас қамығып жүр (ВИДЕО)

Балаларын көре алмай жүрген Қайрат Нұртас қамығып жүр (ВИДЕО)

Балаларын көре алмай жүрген Қайрат Нұртас қамығып жүр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50312
Танымал әнші Қайрат Нұртас өзінің туған күнінде балаларын қасына алып, мәре-сәре күй кеше алмағанына қапалы деп хабарлады turkystan.kz. Өнер иесі көлікте көңілсіз кетіп бара жатқан сәтін әлеуметтік желіге жүктеп, іштегі мұңымен бөлісті. Кадрдан балаларының видеосын тамашалап отырған Қайраттың жанарына еріксіз жас ұялағанын байқауға болады.
«Біреулер ойлағандай, мен ойсыз емеспін. Ессіз де емеспін. Туған күнімде балаларымның жанымда болуларына барымды салсам да, бұйырмады... Алла қайырын берсін. Ақ жол» деп жазды әнші.
Қайрат Нұртастың туған күнінде балаларымен не себепті кездесе алмағаны жайлы беймәлім. Бірақ бейресми деректерде оның әйелімен ажырасып кеткені айтылып жүр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Қазақстан Жұлдыздары 🇰🇿 (@qazaq_zhuldiz)

Тағы оқи отырыңыз: Ақтауда кедергіге тап болған Қайрат Нұртас өз пікірін айтты

Серіктес жаңалықтары