Утиль алымы 50 пайызға арзандады. Не өзгерді?

Утиль алымы 50 пайызға арзандады. Не өзгерді?

Утиль алымы 50 пайызға арзандады. Не өзгерді?
ашық дереккөзі
561
Қаншама жылдан бері халықтың наразылығын тудырып, шешімін таппай келе жатқан мәселе – утиль алымы мәселесі. Онсыз да көркі қашқан көлік нарығының көсегесін көгертпей тұрған түйткіл деп талай рет мінберлерде айтылған бұл дау қаңтар оқиғасы кезінде де көтерілді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы арнайы тапсырма да берген болатын. Елімізде жеңіл көліктерге арналған утилизациялық алым 2016 жылы енгізілген болатын. Ал 2019 жылы ауыл шаруашылығы техникасына қолданыла бастады. «Оператор «РОП-тың» бес жылдық жұмысы нәтиже­сін­де 579 миллиард теңгенің утилизациялық алымы тө­лен­ді. Ал 19 қаңтарда Үкімет «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның («Оператор РОП») қызметін тоқтату тура­лы қаулы қа­былдаған еді. Оның қызметін мемлекеттік ұйым – «Жа­сыл даму» АҚ орындайтын болды. Үкімет: Утиль алымын толықтай алып тастауға болмайды Экология министрі Серікқали Бре­ке­шев 23 ақпан күні ауыл шаруашылығы техникасы мен автокөлік транспорттарына утиль алымының мөлшері қанша болатыны жарияланады деп мәлімдеген еді. – Ауыл шаруашылығы техникасы мен ав­токөлік транспортының мәселесі халықты қатты алаңдатып отыр. Оған қатысты көп­те­ген дау мен ұсыныстар болды. ИИДМ-дағы әріп­тестерімізбен бірге автокөлік және ауыл шаруашылығы транспортына утиль алым мен коэффициентімен байланысты жұмысты аяқ­таймыз. 23 ақпан күні оның мөлшері қан­ша болатынын ресми түрде жариялаймыз, – деген Серікқали Брекешев. Бүгін Премьер-Министрдің орын­ба­сары Роман Скляр Үкімет утилизация­лық алымның көлемін 50-ға азайтқанын мә­лімдеді. Оның айтуынша, Үкімет ұзақ келіс­сөз­дерден кейін,автокөліктің барлық түріне, яғни, жеңіл автокөліктер мен ауыл шаруа­шылығы техникалары үшін утили­за­циялық алымның мөлшерін 50 пайызға ар­зандату туралы шешім қабылдады. Қазақ­стан­дықтар наурыз айында утиль алымын жаңа мөлшерлеме бойынша төлейді. Бұған дейін утиль алымын толықтай жою туралы ұсыныстар да болған еді. Роман Скляр мұндай шешім неліктен қабыл­данбағанын былайша түсіндірді: – Біз «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында 4 немесе 5 рет келіссөз өткіздік. Біз утили­за­циялық алымды толықтай жойсақ, елге ескі автокөліктер кіріп кетеді. Сондай-ақ отандық ав­тонарықты ынталандырудың өзге де жол­дарын талқыладық, – деді ол. Ал қоғам белсендісі, «Нет утильсбору» қоз­ғалысының өкілі Нұраддин Садықов бұл пікірмен мүлде келіспейтінін айтады. Оның айтуынша, бұл шешімді өзгеріс деп айтуға келмейді, яғни бұл ұйғарым көлік нарығына қандай да бір жаңалық әкелмейді. Нұраддин САДЫҚОВ, қоғам белсендісі: Қоғам пікірін ескере отырып қабылдаған шешім деп айтуға ешқандай негіз жоқ
– Вице-премьер Владимир Скляр утиль-а­лым мөлшеріне қатысты Үкімет қандай ше­шімге келгенін айтты. Айтты дегені бол­маса, бұл шешімді өткенде Индустрия ми­нистрі Қайыр­бек Өскенбаевтың аузынан естіп, ке­ліспейтінімізді айтқанбыз. Бұдан бұрын біз­­дің пікірімізді тыңдауға әзірміз деп айт­қан­­дарымен, дайындаған ұсынысымызды на­зарға алмаған. Өзіміздің есептерді негіздейтін сарап­тама құжаттарын бердік. Бірақ ол есептерді қабылдаған Индустрия министр­лігі саясат комитетінің басшысы Ілияс Оспанов тара­пын да, басқа жауапты тұлғалар тарапы­нан да кері байланыс болған жоқ. Осы күнге дейін Оспановқа жеке хабарласып утиль мөл­шеріне байланысты жауап алуға тырыс­тым. Алайда маған жауап берген жоқ. Демек, олар әу баста диалогқа келуге құлықты бол­ма­ған. Сонымен қатар олар талқылау кезінде утиль алымын 50 пайыз мөлшерлемені қай­дан, қандай негізге сүйене отырып бел­гіле­ген­дерін дәлелдеп, сараптап бере алған жоқ. Сондықтан бұл қоғамның, қоғам бел­сен­ділерінің пікірін ескере отырып қабылдаған шешім деп айтуға ешқандай негіз жоқ. Бұл өзгеріс көлік нарығына еш әсерін тигізбейді, көлік бағасы арзандамайды. Тіпті, өзгеріс те, шешім де көріп тұрған жоқ­пын. Сондықтан біз бұл шалажансар ше­шімге байланысты ертең сағат 12:00-де баспасөз конференциясын өткіземіз деген шешім шығардық.
7 жылға 4 пайыздық несие беріледі Сонымен қатар вице-премьер жеңіл­детілген автонесиенің жаңа бағдарла­масына 100 млрд теңге бөлінетінін айтты. Роман Скляр қаңтарда «Жасыл даму» мемлекеттік ұйымына берілген 200 мил­лиард теңгеден астам қаражатты халық­тың игілігіне жұмсау туралы шешім қабыл­дан­ғанын жеткізді. – Оны қалайша халық игілігіне жұм­сай­мыз? Біз осы қаражаттың 100 миллиард тең­­гесін отандық автокөлікті несиелендіруді суб­сидиялауға беретін болдық. Оның ережесі мына­дай болады: алғашқы жарнасыз жылына 4 пайызбен 7 жылға несие беріледі, – деді ол. Одан бөлек, Роман Скляр жаңа бағ­дар­ламаны бұрынғы бағдарламамен са­лыстырып өтті. – Осыған дейінгі бағдарламада жылдық пайыз – 20, бастапқы жарна 4 пайыз болса, қазір жылдық пайыз – 4, бастапқы жарна 4 пайыз болады. Бұл 7 жылға есептеледі. Әрине, 7 жыл көп уақыт болмағандықтан көбіне арзан көліктер берілетіні түсінікті. Дегенмен 71 мың азамат жаңа көлікті қолжетімді баға­мен сатып ала алады, – деді Роман Скляр. Ал бұрын бұл бағдарлама бойынша ха­лық көлік бағасының 20 пайызын алғашқы жарна ретінде салуы керек еді. Бұған дейін Индустрия және инфра­құры­лымдық даму министрлігі автонесиенің 2 нұсқасы қарастырылып жатқанын мәлім­де­ген болатын. ИИДМ автомобиль құрастыру басқармасы көлік құны 10 миллион теңгеден асырмау мәселесі қарастырылып жатқанын о баста айтқан еді. Көліктердің тізімі де жа­рия­ланды. Сонымен қатар жеңілдетілген авто­несие үшін де осындай 10 миллион деген шекті бағаны белгілеу жоспарланған. Бұдан қымбатырақ көлік сатып алғысы кел­гендерге айырмашылықты өз қалтасынан төл­еулеріне тура келеді. Ведомство қазір 15 мыңнан астам қа­зақ­стандық жеңілдетілген автоне­сиеге кезекте тұрғанын да атап өткен бола­тын. Ал автонарық сарапшысы Сұңқар Жұрт­бай жеңілдетілген несиенің игілігін халық емес, автокөлік өндірушілер көреді деген пі­кір айтады. Сұңқар ЖҰРТБАЙ, «Колесо-Астаны» газетінің директоры: Айтарлықтай өзгеріс болмайды
– Бұл шешімнен кейін аса қатты өзгеріс бо­лады деп айта алмаймын. Біріншіден, қазір кө­лік нарығына шетелден көлік әкелінбей жат­қанының бірден-бір себебі – кедендік баж са­лығы. Сондықтан утильалымды алып тас­та­ғанның өзінде көлікті Ресейден әкелу пайда әкел­мейді. Ары кетсе бағасы 300-500 мыңға түсуі мүмкін. Бірақ Ресейдің өзінде де көлік баға­сы қымбаттап жатыр. Сондықтан айтар­лық­тай өзгеріс бола қоймайды. Утильа­лымның ке­мі­ген 50 пайызы сол Ресей мен біз­дің арамыз­дағы баға айырмашылығын ғана теңестіреді. Бірақ айтарлықтай өзгеріс бо­ла қоймайды. Ал жеңілдетілген несие мәселесіне келер болсақ, ол ең алдымен халыққа көмек емес, ол автокөлік құрастырушы фирмаларға кө­мек, былайша айтқанда көлік сатуға жеңілдік. Ал сатып алатын адам несиеге алған соң, әри­не оңай болмайды. Көліктің бағасы қым­бат болғандықтан, 4 пайыздың өзі әжептәуір ақша. Яғни, бұл да ешқандай өзгеріске әкел­мейді. Оған қоса дәл қазір мұндай жеңіл­детілген несиемен көлік беру еш мағынасыз болып тұр. Өйткені көлік нарығында де­фицит бар. Ал несие бөлу бұл дефицитті одан әрі ұлғайтады. Отандық көлікке сұраныс артады, бірақ негізінен нарықта айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Көптен күткен мәлімдеменің жаңа­лығы осы екі мәселе болды. Деген­мен сарап­шылар да, қоғам белсенділері де бұл жаңалықтар еш өзгеріс әкелмейді деп отыр. Ал еліміздегі көлік нарығын қордала­нып қалған мәселелерден тазартатын әбжіл қимыл, ұтымды бастамалар керек екені уақыт өткен сайын анық байқала бастады.

Ділда УӘЛИБЕК

Серіктес жаңалықтары