«Ата-ана баланың спортпен айналысуына жылына 1 млн-нан астам теңге жұмсайды» – Сәрсекбаев

«Ата-ана баланың спортпен айналысуына жылына 1 млн-нан астам теңге жұмсайды» – Сәрсекбаев

«Ата-ана баланың спортпен айналысуына жылына 1 млн-нан астам теңге жұмсайды» – Сәрсекбаев
ашық дереккөзі
Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан спортын тағы да сынға алды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жолы ол Алматыдағы спорт ареналарын аралап, жағдайды өз көзімен көргеннен кейін амалсыздан жаға ұстап қайтқан.
«Жақында мен барлық спорт ордаларын аралап қайттым. Жағдай мен ойлағаннан масқара екен. Тіпті, айтуға аузым бармай отыр. Біздің елде қарапайым халықтың ақшасына салынған спорт нысандары жалға беріліп, киім-кешек пен тамақ сатылатын жерге айналғанын көрдім. Сол жерлерде балаларға тегін үйірмелер бар шығар десем, оның өзі ақылы екен. Сонда бұл не? Ақшасы жоқ, қалтасы тесік адамға бұл жерде орын жоқ дегені ме?» – дейді ол.
Одан кейін Сәрсекбаев сол себептен спортшылар мұзайдынға, ал жаттықтырушылар басқа да спорт ареналарына бара алмай жүргенін, спортқа қызығатын адамға нысандардың жабық болғаны ақылға сыймайтынын айтты.
«Біздің елде былай қарағанда бәрі бар сияқты, ал шындап келгенде, адамға тегін ештеңе жоқ. Ата-ана баласына киімдер алып, жарысқа дайындап жібергісі келсе, бәрін өз қалтасынан төлейді. Мысалы, хоккейшілердің ата-аналары баланың спортпен айналысуына жылына 1 миллионнан астам теңге жұмсайды екен. Осындай филолософиямен біз алысқа бара алмаймыз», – дейді Олимпиада чемпионы.
Дегенмен ол спортқа қатысты бір үміттің жылт еткенін айтты.
«Енді мемлекеттен спортты дамытуға бөлінетін қомақты қаражат бұрынғыдай Ұлттық Олимпиада комитетіне берілмейді. Осыған да тәуба, шүкір», - деді ол.
 width=