«ФСБ украиналық 2 диверсиялық топты жойды» - ресейлік БАҚ (ВИДЕО)

«ФСБ украиналық 2 диверсиялық топты жойды» - ресейлік БАҚ (ВИДЕО)

«ФСБ украиналық 2 диверсиялық топты жойды» - ресейлік БАҚ (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Украина дағдарысы аясында ақпараттық соғыс басталып кетті. АҚШ тарапы Ресей басып алған жағдайда өлтірілетін немесе лагерьлерге қамалатын украиндықтардың тізімін жасады деп айыптап отыр. Ал Кремль бұл ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлады turkystan.kz Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.
«Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Ресей шекарасы маңында Украина әскерилерінің 2 диверсиялық тобының жойылғанын хабарлады. Сондай-ақ Украина аумағынан атылған снаряд Ростов облысындағы Ресей шекара қызметінің бекетін талқандады» деп жазып жатыр ресейлік БАҚ.
Алайда Украина СІМ Дмитрий Кулеба Twitter парақшасында өздері тарапынан Донецк пен Луганскіге шабуыл жасалмағанын мәлімдеді.
«Ресей шекарасына диверсанттар немесе БТР жіберілмеді. Ресей аумағын, ондағы шекара өткелін атқылаған жоқ. Диверсия жасалмады», - деді ол.
Қазір Донбаста жағдайдың күрт ушығып кетуіне өзін-өзі жариялаған «Донецк Халық Республикасы» мен «Луганск Халық Республикасы» және Киевтің өкілдері бірін-бірі кінәлап отыр.