«Йақын Инкар» экстремистік ұйымының мүшелеріне қатысты 2 іс қозғалды

«Йақын Инкар» экстремистік ұйымының мүшелеріне қатысты 2 іс қозғалды

«Йақын Инкар» экстремистік ұйымының мүшелеріне қатысты 2 іс қозғалды
ашық дереккөзі
Бас прокуратура қаңтардағы бүлікке қатысы бар деген күдікке ілінген «Йақын Инкар» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) экстремистік ұйымның мүшелеріне қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр деп жазды turkystan.kz. Аталған ұйымға қатысты ҚР ҚК 405-бабының 1, 2-бөлігі («Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiн ұйымдастыру») және 259-баптың 1-бөлігі («Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру») бойынша қылмыстық істер қозғалған. ҰҚК мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу аясында Қазақстанның 7 азаматы ұсталған. Оларға қатысты сот қамауға алуды бұлтартпау шарасын санкциялады. Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық жедел-іздестіру тобы күдіктілердің қаңтар оқиғасы кезінде жасаған қылмыстарын тергеуді жүргізіп жатыр. Еске сала кетсек, қаңтар оқиғасынан кейін ұсталғандардың арасында «Йақын Инкар» экстремистік ұйымының мүшелері де болған. Бұл экстремистік ұйымның аты «Хабар» телеарнасының деректі фильмінде жарияланды. Ескерту: «Йақын Инкар» ұйымы 2018 жылы экстремистік деп танылған.