Түркістанда құрылыс талаптарын сақтамаған 70-ке жуық мердігер жазаланды

Түркістанда құрылыс талаптарын сақтамаған 70-ке жуық мердігер жазаланды

Түркістанда құрылыс талаптарын сақтамаған 70-ке жуық мердігер жазаланды
ашық дереккөзі
Биыл Түркістан облысында 859 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Тексеріс кезінде 212 нысанда құрылыс талаптарының сақталмағаны анықталды деп жазды turkystan.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Мемлекеттік Сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Сапарғали Салдаровтың айтуынша, жүргізілген тексерістен кейін олқылықтар бойынша хаттамалар толтырылып, компанияларға 76 миллион теңгенің айыппұлы салынған. Қазір оның 81,6 пайызы өндіріліп алынды. Сөйтіп, облыстық бюджетке 62 миллион теңге кіріс түсті. Басқарма басшысының айтуынша, құрылыс талаптарын бұзғаны үшін 3 жобалаушы, 19 мердігер компания жазаланды. Сонымен қатар, 26 техникалық қадағалаушы мен 1 авторлық тұлғаның аттестаттарының қолданысы 6 айға тоқтатылды.