«Ооо, Елбасынан 3900 теңге түсіпті! Елбасымыз сабағыма қатысып жатса, иә? Бірақ ол кісіге баспанаға бағыт керек емес. Бірнеше баспанасы бар ғой (күлді). Айтпақшы, біздің елде ең көп таралған тектің (фамилия) ТОП-5 ұсынамын: 1. Ахметов, 2. Омаров, 3. Ким, 4. Оспанов, 5. Иванов. Мінеки, осы 5 фамилия ең көп кездеседі екен. Бірінші орында тұрған Ахметовтердің өзі 80 мыңға жуықтайды» деп жазды блогер Instagram-дағы парақшасына.
