Путиннің аюдай тырнақтары талқыланып жатыр

Путиннің аюдай тырнақтары талқыланып жатыр

Путиннің аюдай тырнақтары талқыланып жатыр
ашық дереккөзі
Желіде Ресей Президенті Владимир Путиннің Украина елінде өздерін өздері жариялаған «Донецк Халық Республикасы» және «Луганск Халық Республикасы» деген құрылымдарды мойындау туралы жарлыққа қол қойып жатқан кездегі фотосуреті талқыланып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Онда Путиннің Қауіпсіздік кеңесінің жиналысында Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкинді тыңдап жатқан кездегі фотосы жарияланған. Желіде белгілі журналист Айбек Қобдабай да осыған қатысты пікір жазып, «Бармағын бүгіп, «тырнағын» өсіріп жүргеніне қарағанда, «қан шыққанша қасимын» деп отыр ма екен ие?!» деген жазба қалдырыпты. Айтса айтқандай, қазір Ресейдің ашуға басқан аю сияқты алды-артына қарамай, ешкіммен санаспай, өзімбілемдік саясатын жүргізіп, айналасына сес көрсетіп жатқаны көрер көзге көрініп тұр.