Халықаралық қауымдастық Путиннің мәлімдемесін айыптап жатыр

Халықаралық қауымдастық Путиннің мәлімдемесін айыптап жатыр

Халықаралық қауымдастық Путиннің мәлімдемесін айыптап жатыр
ашық дереккөзі
Таңертеңнен бері дүние жүзі Ресей Президенті Владимир Путиннің Украинаның екі облысының тәуелсіздігін мойындауын айыптап жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін Путин Украина елінде өздерін өздері жариялаған «Донецк Халық Республикасы» және «Луганск Халық Республикасы» деген құрылымдарды мойындау туралы жарлыққа қол қойған болатын. Оған бірінші болып АҚШ Президенті Джозеф Байден үн қатты. Ол Ресейдің «ДХР» мен «ЛХР»-ды мойындауы Құрама Штаттардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп мәлімдеді. Осы кезде Украина Президенті Владимир Зеленский бұл мәселені АҚШ Президенті Джо Байденмен және Ұлыбитания Премьер-министрі Борис Джонссонмен талқылап үлгерді. Содан кейін Украина басшысы өз елінің халқына үндеу арнады. Қазір Украина тарапы БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын шұғыл түрде шақыруды талап етіп отыр.