Атырауда құрылысшылар 5-қабаттан құлап ажал құшты

Атырауда құрылысшылар 5-қабаттан құлап ажал құшты

Атырауда құрылысшылар 5-қабаттан құлап ажал құшты
ашық дереккөзі
50335
Атырауда екі құрылысшы көпқабатты үйден құлап көз жұмды. Олардың қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды деп жазды turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Белгілі болғандай, қайтыс болған азаматтар 5-қабаттың төбесін жауып жатқан. Бригадирі бірнеше мәрте ескерту жасағанына қарамастан, олар қауіпсіздік белдігін тақпаған.
«Атырау қаласының «СМП-163» шағынауданында орналасқан 7 үйде жаңғырту жұмысы жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 21 ақпан күні 5 қабатты үйдің төбе жабындысын ауыстыру кезінде 2 жұмысшы құлап кеткен. Оның бірінің жасы 25-те, екіншісі 36-да. Екеуі де оқиға орнында мерт болды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары