«Тоқаевтың шет елде жылжымайтын мүлкі де жоқ» - Берік Уәли

«Тоқаевтың шет елде жылжымайтын мүлкі де жоқ» - Берік Уәли

«Тоқаевтың шет елде жылжымайтын мүлкі де жоқ» - Берік Уәли
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Оның шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шет елде жылжымайтын мүлкі де жоқ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды деп хабарлады turkystan.kz. Еске сала кетсек, қазір кейбір БАҚ Қасым-Жомарт Тоқаевты офшорда миллиардтары жатқан жемқор басшы ретінде көрсетуге тырыса бастаған еді. Ал Берік Уәлидің жазуынша, оның өзі түгіл, бұрынғы зайыбының да мақалада жазылғандай ешқашан қаржылық шоты болмаған. Ұлы Тимур Тоқаевтың жасы 38-де. Ол – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген.
«Өздеріңіз білесіздер, Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын», - дейді Берік Уәли.