Томиристі сомдаған актриса христиан дінін ұстанатынын айтты

Томиристі сомдаған актриса христиан дінін ұстанатынын айтты

Томиристі сомдаған актриса христиан дінін ұстанатынын айтты
ашық дереккөзі
50284
Томиристі сомдаған актриса Альмира Тұрсын әлеуметтік желіде өзінің қандай дінді ұстанатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Олн Instagram-дағы сұрақ-жауап барысында күйеуімен ажырасып кеткенін, ұлымен Алматыда тұратынын жеткізді. Сондай-ақ, ұлты қазақ болғанымен, бойында еврей және татар қаны барын да жасырмаған. Ал діни бағыты туралы сұраққа актриса өзінің 20 жылдан бері христиандық ілімді ұстанып жүргенін айтты.
«Анам әкеммен кездеспей тұрып, 20 жылдан аса уақыт бойы христиан дінін ұстанамыз. Протестанттық бағыттағы христиандық жаным мен жүрегіме жақын. Бұл - менің саналы түрдегі жеке таңдауым» деп жазды Альмира.
Сондай-ақ ол барлық дінге толерантты түрде қарайтынын, әр адамның таңдауын құрметтейтінін ашып айтты.

Серіктес жаңалықтары