«Дикий Арманның» анасы ұлының атынан қырғыз халқынан кешірім сұрады (ВИДЕО)

«Дикий Арманның» анасы ұлының атынан қырғыз халқынан кешірім сұрады (ВИДЕО)

«Дикий Арманның» анасы ұлының атынан қырғыз халқынан кешірім сұрады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қылмыскер Арман Жұмагелдиевтің («Дикий Арман») анасы Роза Хамзақызы ұлының атынан қырғыз халқынан кешірім сұрап, сол халықтың қызын келін етіп, немере сүйіп отырғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Instagram-дағы kyn.kz парақшасында Роза Жұмагелдиеваның видеосы жарияланды. Онда ол қырғыз халқын ұлына кешіріммен қарауын сұрайды.
«Мен, Жұмагелдиева Роза Хамзақызы, 70 жастағы зейнеткермін. Арман Жұмагелдиевтің анасымын. Сіздер оны «Дикий Арман» деп танисыздар ғой. Үлкен басыммен иіліп, қырғыз халқынан кешірім сұраймын. Ол бір жерде дұрыс сөйлемеген шығар, дұрыс істемеген шығар. Салдарынан екі ел арасында ұлттық арасыздық болып кетті. Соған жүрегім ауырады. Бірақ оның ондай жаман ойы жоқ еді. Шын мәнінде, ол қырғыз елін өте жақсы көреді. «Керемет жауынгер, патриот халық» деп әрқашан да мақтан тұтады. Алланың бұйрығы шығар, сол қырғыздың қызына үйленіп, құда-құдағи болып отырмыз. Келінім Айкөл Аликжанова маған тұңғыш немеремді сыйлады. Біз бақытты өмір сүріп жатыр едік. Пайғамбардың өзі күйеубаласын сыйлаған. Сондықтан бір-бірімізге кешірімді болайық», - деді ол.
Бұл видеоның астына желі қолданушылары әртүрлі пікір қалдырды.
«Қырғыздардан не үшін сұрап отыр, түсінбедім? Қазақтардан ше?», «Не болған видеосын көрсетсеңіздерші, түк түсініксіз. Не болып еді өзі?», «Қайдан кешсін, жүректе өшпес жара бар, атпалдай еркек өзі кешірім сұрасын!», «Каншама адамдар өлді Арман үшін. Елді батпаққа батырып, енді қай бетіңмен шығып тұрсың?», «Арман, ең бастысы, қаншама зардап шегіп, отбасыларының мүшелерінен айырылып, көз жасын төгіп отырған аналардан, жас, әлі әке бақытын сезінбеген боздақтардан, әкелерінен, аналарынан айырылған отбасылардан, бүкіл Қазақ халқынан кешірім сұрасын. Бірақ, ол да аз болар ау, сұрағы Алладан болсын» десті көпшілік.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)