Полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

Полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

Полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды
ашық дереккөзі
50235
Тәртіп сақшыларына таңғы сағат 7:06-да Нұр-Сұлтан қаласы Сарайшық көшесінің бойындағы көпір шетінде бір бойжеткеннің тұрғаны туралы ақпарат түскен деп жазды turkystan.kz.
«Оқиға орнына жедел жеткен Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті патрульдік полиция полкінің аға лейтенанты Айдос Ағабеков пен капитан Фархат Кенесхан жіберілді. Оқиға орнына жеткен полицейлер 11 метр биіктіктен төмен секіргісі келген қызды көреді. Қызметтік көліктен түсе сала оған қарай жүгіріп жеткен Айдос Ағабеков бойжеткенді ұстап қалды. Содан кейін олар қызды көпір қоршауынан қауіпсіз жерге көтеріп апарып, оны тыныштандыруға тырысқан. Құтқарылған қыз Полиция басқармасына жеткізілді» деп жазылған хабарламада.
25 жастағы бойжеткенді мұндай әрекетке не итермелегені анықталып жатыр. Психологтармен бірлесіп онымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары