Қазақстанда терроризммен күреске 5 жылда 270 млрд теңге бөлінген

Қазақстанда терроризммен күреске 5 жылда 270 млрд теңге бөлінген

Қазақстанда терроризммен күреске 5 жылда 270 млрд теңге бөлінген
ашық дереккөзі
50317
Елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін бюджеттен 5 жылға 270 млрд теңге бөлінген деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Бұл туралы Сенат депутаты Сұлтан Дүйсембинов мәлімдеді. Оның дерегінше, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін бюджеттен 5 жылға 270 млрд теңге бөлінген. Бірақ бұл бағдарлама өз нәтижесін бермегенін кешегі қаңтар оқиғасы көрсетіп отыр.
«Деструктивті діни ағымдардың мақсаты бір. Халифатта өмір сүру. Мемлекеттің заңын, құрылымын, мәдениет, салт-дәстүрін мойындамау. ҰҚК антитеррористік орталық штабы бастығының бірінші орынбасары Сергей Швейкин елімізде деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың саны 20 мыңнан асатынын мәлімдеген болатын. Осы тұста бұлардың саны неге көбейіп жатыр деген сұрақ туындайды», - дейді депутат.
Оған қоса, халықтың 70 пайыздан астамы діни сауаттылығын арттыру үшін әлеуметтік желілерді қолданатынын қосты. Депутаттық сауалын Үкіметке жолдаған сенатор діни ахуалды зерделеп, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа мемлекеттік бағдарлама әзірлеу қажет екенін айтты. Сондай-ақ республикалық зерттеу орталығын құруды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары