Қор қордаланған мәселені шешуге сеп бола ма?

Қор қордаланған мәселені шешуге сеп бола ма?

Қор қордаланған мәселені шешуге сеп бола ма?
ашық дереккөзі
12671
«Қазақстан халқына» қо­ғам­дық-әлеуметтік қоры құрыл­ғанына бір ай толды. Қор­дың ресми сайтындағы мә­ліметке сүйенсек, бір ай ішін­де қорға 117,8 миллиард тең­геден астам қаражат түс­кен, 70 мыңнан астам демеу­ші ақша аударған. Қазір кө­мек алуға өтініш қабылдау, түс­кен қаражатты жұмсау бас­талып кетті. Естеріңізге сала кетейік, Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтардағы тапсырмасы ая­сын­да «Қазақстан халқына» қо­ғам­дық әлеуметтік қоры құрылды. Қор­дың төрағасы қызметіне бел­гілі қаржыгер Болат Жәмішев та­ғайындалған болатын. Жұмысы басталып, шоттары ашыл­­ғаннан-ақ ірі кәсіпкерлер мен қалталылар қорға қаражат құя бастады. Міндетті жарна жоқ еке­ні, әркім қалағанын аудара­ты­ны бұдан бұрын да бірнеше рет ай­тылған еді. Енді алда қор қалай то­лықтырылмақ? Көмекті кімдер ала алады? Жарна міндеттеле ме? 28 қаңтарда «Nur Otan» партиясының XXI ке­зектен тыс съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев кә­сіпкерлерге қатысты та­ғы бір мәлімдеме жа­сады. – Олигополияның бір бөлігі және тіп­ті оның бейнесі болып кеткен биз­нес­тегі кейбір та­нымал адамдар Мем­ле­кет басшысы бас­та­ған қайырымдылық ак­циясына қатысуға асық­пайды. Бұл аш­көздік, нигилизм, әдеп­сіз­дік немесе нем­құрайдылық па? Қалай бол­ған­да да, мем­лекет бұл сұраққа толық жауап алу үшін барлық өкілеттіктерге ие, – деді Пре­­зидент. Қазірдің өзінде қорға ақша ау­дару­ға ние­ті жоқтар барын есеп­ке алсақ, бас-аяғы 1-2 жылдың ішінде қор­дың жұмысы тұра­­лап қалмай ма де­ген мәселе де ойлан­дыра­ды. Осыған байланысты Президент ірі бизнес тарапынан қайырым­ды­лық процесін реттейтін арнайы Жар­лық шы­ғару­ды жоспарлап отырғанын, со­нымен қатар ірі компаниялар «Қазақ­стан халқына» салық са­лынатын табыс­тың белгілі бір пайызын енгізетінін айтты. Соған қарағанда, алдағы уақытта ірі ком­панияларға табысының бел­гілі бір бө­лігін жыл сайын қорға ау­дарту мәселесі қол­ға алынуы мүмкін. Қор төрағасы Болат Жәмішев ор­та­лық ком­муникациялар қызме­тін­де он­лайн өткен баспасөз мәсли­ха­тында қорға ло­терея қызметі оператор­ла­ры­нан қаражат түсетінін де айтқан еді. – Қорға түскен қаражат көлемін тұ­рақ­ты түрде халыққа жария етіп тұра­мыз. Оның ішінде бизнес өкілдерімен қа­тар ірі компа­ния­лар да бар. Бұған дейін 2 рет қорға қандай көлемде ақша түсіп жатқаны туралы ақпарат берген болатынбыз. Қайырымдылықтан бө­лек, қор­ға лотерея қызметі операторлары­нан қаражат түседі. Сол сияқты Үкі­мет­пен анық­тал­ған ұтыс тігу орталықтары мен басқа да табыс көзінен қаражат ау­­­дарылады. Бұл жұ­мыс­ты енді қолға ала­мыз, – деді Б.Жәмішев. Төрағаның айтуын­ша, жеке тұлғалар қор қыз­ме­тінің жандануына ерікті түрде қол ұшын созып жатыр. – Біз біреуді қинап, еркінен тыс ақ­ша ау­даруға мәжбүрлеуге қарсымыз. Қайы­рым­дылық – адамның өз қалауы­мен жасалатын шара. Мемлекеттік орган қыз­меткерлерінің қорға ақша жинап беруіне қатысты шағымды естіп жатыр­мын. Әрине, біз де қарсымыз. Егер азамат өзі солай шешіп, жақсылық жасау ние­тімен аударса, онда іс басқа, – дейді ол. Бұған дейін қор басшысы түсіп жат­қан қаржының алдымен қай­да жұмсала­тынын айтқан еді. Сайттағы мәліметте қорға ең көп қаражат аудар­ған заңды тұлға Eurasian Resources Group (30 миллиард теңге) болса, ең көп қара­жат аударған жеке тұлға Болат Өтемұратов екені көрсетілген. 13 мыңнан астам өтініш түскен Қордың qazaqstanhalqyna.kz сайты іске қосылғаннан бері 13 мың­нан астам өті­ніш келіп түскен. Қор шұ­ғыл әрекет етуді та­лап ететін мәсе­ле­лер бойынша сарапта­ма­лық комитеттер жұмыс істеп тұрғанын мә­лім­­деді. Өтініштердің ішінде үй, көлік сатып алуға, несиесін жауып беру­ге, отбасы­лық іс-шаралар мен мере­келік шаралардың қаражатын өтеуге яғни той жасап беруге кө­мек көрсету туралы өтініштер түсіп жат­қан көрінеді. Еске салайық, қордың қамқор­шылық кеңесі қордың міндеттерін көрсететін тұжырымдаманы бекітті. Оған сәйкес, «қор­дың қызметі сәбилерге медици­на­лық қызмет көрсетуді дамытуға және оның қолжетім­ділі­гін арттыруға жәр­дем­десуге, спорт және білім беру инф­ра­құрылымы, сондай-ақ балаларға арнал­ған басқа да әлеуметтік маңызы бар қыз­меттерінің қолжетімділігін арттыру­ға» бағыт­талған. Сондай-ақ «қор мүгедек, науқас немесе әлеуметтік бейімделу проблемалары бар баланы асырап алған, қорғаншылық немесе патронаттық тәр­биені ұйымдастырған отбасыларға кө­мек көрсетумен және аз қам­тылған отба­сылардағы балаларға көмек көр­сету үшін мектептермен өзара іс-қимыл жа­саумен айналысады». Сонымен қатар, қор еліміздің ау­мақ­тық тұтастығы мен қауіпсіз­ді­гін қорғау немесе адамдардың өмірін сақ­тап қалу және зардап шеккен тұрғын­дарға көмек көрсету кезінде қайтыс бол­ған немесе ауыр жарақат алған құ­қық қорғау органдары, арнайы ор­гандар, ҰҚК қызметкерлерінің отбасына, әс­кери қызметкерлерге, төтенше жағдай ке­зінде зардап шеккен адамдарға қолдау көр­­сетуді де міндетіне алмақ. – Бұл қызмет бағыттарын қамқор­шы­лық кеңес бекітті, ал басқа салалар қор қызметін­де­гі басым бағыттарға жат­пайды. Сондай-ақ біз азаматтардың қар­жылық проблемалары болуы мүмкін екенін түсінеміз. Алайда бұл мәселелер­дің барлығын қор шеше алмайды. Сон­дықтан тұжырымдамада көрсетілген қыз­мет бағыттарын мұқият оқып шығуыңыз­­ды сұраймыз – дейді «Қазақ­стан халқына» қоры­ның ресми өкілі Әлібек Әбділов. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры­ның басқарма төрағасы Болат Жә­мі­шев те қорда­ғы қаражат барлық проб­ле­маларды шеше ал­майтынын айтқан еді. Сондықтан ол негізгі ба­сымдықтарды анықтау керек екенін мәлім­деген еді. – Қамқорлық кеңесінде біз қордың стра­­тегиясын талқыладық. Бұл кеңес еш­қандай ж­а­лақы алмайды. Олар қоғам­дық қызмет ре­тінде міндеттерді орын­дайды. Жұмыс тобы бары­сында бұл мәсе­лелерді талқыладық. Се­рік­тестерді де дұрыс таңдау мәселесі көте­ріл­­ді, – деді Болат Жәмішев. Дегенмен қордың қамқорлық кеңесі тегін жұмыс істеп жатқа­ны­мен, ат­қару кеңесінің мүшелеріне жалақы төленетіні белгілі болды. Бұл ақ­парат қоғамда қызу тал­қыланды. Ха­лық жалақы мөлшері тым көп екенін ай­тып наразылық білдірді. 587 мың теңгені кімдер алады? Болат Жәмішев қамқоршылық кеңестің мүшелері қорда тегін жұмыс істейті­нін мәлімдеді. Қор басқар­ма­сының құрамын­да төраға Болат Жәмі­шев­тің өзі және екі бас­қарма мүше­сі София Айсағалиева мен Ләз­зат Шың­ғыс­баева бар. Қор сайтындағы мә­ліметте олар қордың операциялық қыз­метіне қатысатын және оларды іске асырудың барлық кезеңдерінде жобалармен тіке­лей жұ­мысқа тартылған сарапшылар деп көр­сетілген. Төрағаның сөзінше, 24 адам­­нан тұратын атқару кеңесі­нің мү­ше­лері орта есеппен 587 мың тең­ге жалақы ала­ды. Алайда қызметкер­лер қолына алатын нақ­ты сома бұдан бір­шама аз екені, өйткені атал­ған жа­ла­қы мөл­шері­нен міндетті алым­дар мен са­лық шегері­летіні, Жалақы төле­не­тін қара­жат банк депозиттерінің сыйақы­лары есе­бінен қарастырылып жатқаны айтылды. 587 мың теңгені тым жоғары жала­қы деп са­найтындарға төрағаның өз ай­тары да бар. – Алайда бұл елдегі орталық мемле­кеттік ор­гандардағы әкімшілік қызмет­кер­лердің ең­бекақысымен бірдей. Біз бүкіл министр­лік­ке қарама-қарсы жол­дың бетінде отыр­мыз. Сон­дықтан әкім­ші­лік мемлекеттік қыз­меткерлердікімен тең болатын жалақы ұсын­басақ, ешкім бізге жұмысқа келмейді. Сон­дай-ақ мем­лекеттік органдарда сыйақы қарас­тырыл­са, біз бюджетке сыйақы енгізген жоқ­пыз, – деді ол. Бұған дейін донорлардан (яғни демеушілерден) алынған барлық қара­жат қордың жобалары мен даму бағдарламаларын мақсатты қаржы­лан­дыруға жіберілетіні, ал қордың әкімшілік және ұйымдастырушылық шығыстары ақша қаражатын екінші деңгейдегі банк­тердің депозиттеріне немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына уақытша орналастырудан түсетін инвестициялық кіріс есебінен өтелетіні де айтылған еді. Сонымен қатар Жәмішев қор қара­жатты барынша үнемдеуге тыры­са­тынын мәлімдеді. Мәселен, түрлі ком­паниялар кеңсе, компьютерлер, авто­көлік, электронды құжат айналы­мына арналған портал мен жүйені тегін ұсынған. Алаяқтардан сақ болыңыз «Қазақстан халқына» қорының бірың­ғай платоформасы арқылы алаяқ­тық әрекеттердің көбейгенін алға тарт­қан қор өкілдері халықты сақ болуға ша­қырды. Қордың ресми өкілі Әлібек Әбділов­тың айтуынша, алаяқтар қазақстан­дық­тар атынан несие рәсімдеуге тырысып жа­тыр. Бір күннің ішінде 186 шағым түс­кен. – Мәселен, Шымкент тұрғыны атаmekenim.kz сайтында көмекке өтініш беріп, барлық мәліметтерді толтырған­нан кейін экранда несиеге өтініштің сәтті өңделгені туралы ақпарат шыққан. Со­дан кейін оған одан әрі ақшалай не­сие рәсімдеу туралы ұсыныспен бейне қоңырау түсті. Дәл осындай оқиға Өске­мен қаласында болды. Онда қала тұр­ғынына электронды үкіметтің жалған порталы атынан SMS хабарлама жібері­ліп, одан кейін ақшалай көмек түрінде 1 166 000 теңге алу үшін жолданған SMS кодын атауды сұраған алаяқ телефон соққан – дейді Әбділов. Бұған дейін «Қазақстан халқына» қоры атынан телефон соққан алаяқ­­тар 42 500 теңгелік әлеуметтік жәр­демақы береміз деп, халықты алда­ған. – Қор мессенджерлер арқылы бейне немесе аудио қоңырау шалмайды. Жалғыз байланыс құралы – qazaqstanhalqyna.kz сайты және atamekenim.kz қайырымдылық ұйымдарының бірың­ғай платформасы. Біз азаматтарды қауесетке сенбеуді және алаяқ ұйымдар­дың арандатуына ермеуді сұраймыз. Тек ресми ақпаратқа сеніңіз, – деді қордың ресми өкілі Әлібек Әбділов. Президент тапсырмасынан кейін-ақ бұл қордың тағдырына алаңдағандар көп болды. Бұдан бұрын бюджеттен тыс ашылған кей қорлардың ақша сауудың таптырмас құралына айналғаны жасырын емес. Әу баста халық байлығының арқасында байығандарға «рақмет» айтуға мүмкіндік ретінде ашылған қордың жұмысы қаншалықты нәтижелі болады, оны уақыт көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары