Асхат Оралов Үкімет басшысымен кездесті

Асхат Оралов Үкімет басшысымен кездесті

Асхат Оралов Үкімет басшысымен кездесті
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Үкімет басшысы Әлихан Смайыловпен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Асхат Оралов өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайыловпен кездестім. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» Орталық аппараты Мәжілістегі фракциямен бірлесіп, партияның 2021 жылғы сайлауалды уәделерінің орындалу сапасына талдау жүргізуде. Кездесу барысында Үкімет мүшелері мен партия органдарының «Nur Otan»-ның республикалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқыладық» деп жазды Асхат Оралов.