Димаш қысымға ұшыраған ресейлік мәнерлеп сырғанаушыға қолдау көрсетті

Димаш қысымға ұшыраған ресейлік мәнерлеп сырғанаушыға қолдау көрсетті

Димаш қысымға ұшыраған ресейлік мәнерлеп сырғанаушыға қолдау көрсетті
ашық дереккөзі
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында допинг дауына іліккен 15 жастағы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваға қолдау білдірді деп жазды turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Құдайберген Instagram парақшасында ресейлік спортшыға арнаған жазба жариялады.
«Достар, мен Қазақстан спортшыларына жанкүйер екеніме қарамастан, көрші елдің талантты спортшысы, қарындасым Камила Валиеваны қолдағым келеді. Оны қатты қысымнан кейінгі жеңісімен құттықтаймын. Қыз небары 15 жаста, бірақ ол сондай төзімділік пен нағыз ерік-жігерін көрсетті. Құрметті ресейліктер, сіздерді мәнерлеп сырғанаудың кішкентай ханшайымының сенімді жеңісімен құттықтаймын!» - деп жазды Димаш.
Ресейлік спортшы командалық турнирде қысқы Олимпиаданың чемпионы атанып, допинг дауынан кейін қысқа бағдарламада үздік нәтиже көрсетті.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Еске сала кетсек, бұған дейін Валиеваның ағзасынан тыйым салынған препарат табылған болатын. Кейін CAS ұйымы мәнерлеп сырғанаушыны Бейжің Олимпиадасына қатысуға рұқсат беру туралы шешім шығарды.