«Мүліктік сипаттағы қылмыстармен қатар ішкі істер органдары қаңтар оқиғасы кезінде адамдардың қайтыс болуы және олардың жарақат алу фактілерін тергеуде. Мәселен, Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, қаңтар оқиғасы барысында 1 726 адам, оның ішінде 673-і оқ-дәрі жарақаттармен, 469-ы пышақталған және тесілген жарақаттармен, 431-і дене жарақаттарымен медициналық көмекке жүгінген. Олардың басым бөлігі Алматы қаласында – 686, Алматы облысында – 336, Қызылорда облысында – 164, Жамбыл облысында – 153, Шымкент қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында 126 адам», - деді Санжар Әділов.Оқи отырыңыз: Қаңтар оқиғасын ФБР тексеруі мүмкін
Қаңтар оқиғасы кезінде 1 726 адам медициналық көмекке жүгінген

Қаңтар оқиғасы кезінде 1 726 адам медициналық көмекке жүгінген
Қаңтар оқиғасы барысында 673 азаматқа оқ тиген. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты ОКҚ-де өткен брифинг кезінде айтты деп хабарлады turkystan.kz.