Мүгедек әкесіне күтім жасаған егіздер қазнет қолданушыларын сүйсіндірді (ВИДЕО)

Мүгедек әкесіне күтім жасаған егіздер қазнет қолданушыларын сүйсіндірді (ВИДЕО)

Мүгедек әкесіне күтім жасаған егіздер қазнет қолданушыларын сүйсіндірді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Facebook әлеуметтік желісінде егіз ұл мен қыздың мүгедек әкесіне күтім жасаған сәті түсірілген видео тарады деп жазды turkystan.kz. Бұл видеодан балалардың мүгедек арбасына таңылған әкесінің бетін жуып, сүлгімен абайлап сүртіп, содан кейін қасықпен тамақтандырғанын көруге болады. Видеоның кейіпкері - Қызылорда облысына белгілі ақын, бала кезінен церебральды сал ауруына шалдыққан Нұрмұхаммед Әбілқасымов. Нұрмұхаммед Әбілқасымов бала күнінен сал ауруына байланысты төсекке таңылған. Бірақ сырқатына қарамастан өлең жазады. Ол екі кітаптың авторы.
«Бұл видеоны менің жұбайым – Әйгерім түсірді. Ал оның сіңлісі Жұлдыз монтаждап, әлеуметтік желіге салды. Видеоны түсірудегі мақсатымыз халықтан ақша жинау емес. Менің видеомды түрлі әлеуметтік желілерде бөлісіп, менің атымнан ақша жинағандар ашуыма тиді. Мен мұны ақша үшін жасамадым», - дейді Нұрмұхаммед Әбілқасымов.
Қазір ақын 43 жаста. Жұбайы Әйгерім екеуі егіз ұл мен қыз тәрбиелеп отыр. Олар екі жарым жаста.
«Қызым өте икемді, тез әрекет етеді. Шөлдеп кеттім десем, бірден бір стақан суға жүгіреді. Ұлым қызымдай қамқор емес (әйтеуір ұлдар көшеде көбірек ойнағанды ​​ұнатады), бірақ қол-аяғым ауырады десем, қатты құшақтап, уқалайды. Осындай отбасымның барына өте қуаныштымын!» – дейді Нұрмұхаммед Әбілқасымов.
Нұрмұхаммедтің әкесі Қанатбек Әбілқасымов ұлына ештеңе керек емес екенін айтады. Осыдан сегіз жыл бұрын оған Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев Тасбөгет кентіндегі жаңа үйден екі бөлмелі пәтер сыйлаған.