50307
Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсем Бекқызы Нүсіпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.
Еңбек өтілі:
2001-2003 жылдары - Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.
2003-2007 жылдары - ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-министрінің Кеңесшісі, ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі.
2007-2008 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.
2008-2016 жылдары - «Қазтрансойл» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
2016-2019 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып келген.