Еліміздегі қытайлық банктердің жылына қанша табыс табатыны белгілі болды

Еліміздегі қытайлық банктердің жылына қанша табыс табатыны белгілі болды

Еліміздегі қытайлық банктердің жылына қанша табыс табатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
50384
Қазақстандағы 22 банктің үшеуі қытай банктері: Altyn Bank, Қазақстандағы Қытай банкі және Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкі. Қазақстанда қытайлық банктер бір жылда шамамен 34 млрд теңге пайда тапқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,4% артық деп хабарлады turkystan.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап. Қытай банктерінің елдегі жиынтық меншікті капиталы 2021 жылдың соңында 173,5 млрд теңге болып, бір жылда 11,6% өсті. Жалпы Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының жиынтық көлемі 14,7% немесе 4,5 трлн теңгеге дейін артқан. Елдегі қытайлық еншілес банктердің меншікті капиталының үлесі бір жылда 3,9%-дан 3,8%-ға дейін азайған. Қазақстандағы 3 қытайлық банктің ең ірісі – Altyn Bank. Оның меншікті капиталының көлемі – 74,4 млрд теңге, бұл 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,4% артық. Банктің акционерлері – China CITIC Bank Corporation Limited (50,1%), China Shuangwei Investment Co., Ltd. (9,9%) және «Қазақстан халық банкі» АҚ (40%). Кейін тізімде Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкі тұр: 62,8 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 18%. Банктің меншікті капиталының көлемі – 36,3 млрд теңге, өсім – 19,7%. 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қытай банктері Қазақстанда бір жылда 33,9 млрд теңге пайда тапқан, бұл 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 22,4% артық. Ең көп пайданы Altyn Bank тапқан: 16,6 млрд теңге. Кейін тізімде Қазақстандағы Қытай банкі (9,1 млрд теңге) және Қытай сауда-өнеркәсіп банкі тұр (8,2 млрд теңге).

Серіктес жаңалықтары