Депозит, алтын, акция: ақшаны қайда салған тиімді екені анықталды

Депозит, алтын, акция: ақшаны қайда салған тиімді екені анықталды

Депозит, алтын, акция: ақшаны қайда салған тиімді екені анықталды
ашық дереккөзі
Ұлттық банк 2021 жылы қай нәрсеге инвестиция салған мол табыс әкелгенін есептеп көрді. Табысты есептеуге 10 мың теңге негіз етіп алынған. Кіріс теңге, доллар және рубль валютасы бойынша есептеліп, қайсысының табысы мол болғанын анықтады деп хабарлады turkystan.kz bugin.kz-ке сілтеме жасап. Бұл зерттеу қолда бар азын-аулақ ақшасын неге инвестицияларын білмей жүрген адамдарға көмек болар. Салыстыру нәтижесінде, 2021 жылы ең жоғары кіріс әкелген инвестиция түрі – акцияны сатып алу немесе акцияға ақша құю екен. Қазақстандық компанияларға қаржы салғандар былтыр 37,4 пайыз пайда тапқан. Акцияға теңгемен салынған қаржы 14 пайыз, доллармен салынған қаржы 3,63 пайыз, рубльмен салынған қаржы 3,15 пайыз кіріс әкелген. Бұдан теңгемен салынған акцияның молырақ табыс әкелетінін байқауға болады. Ал орташа кіріс әкелген инвестиция – депозит. Теңгелік депозиттер 14 пайыз, шетелдік валютамен салынған депозиттер 1 пайыз кіріс әкелген. Ал алтынға салынған инвестиция табыс әкелудің орнына шығынға батқан екен. Шамамен 1,67 пайыз табыстан айырылған.