Түркістан облысында жоғалған жігіттің 75 миллион теңге қарызы болған

Түркістан облысында жоғалған жігіттің 75 миллион теңге қарызы болған

Түркістан облысында жоғалған жігіттің 75 миллион теңге қарызы болған
ашық дереккөзі
Түркістан облысындағы Ленгер қаласының тұрғыны полицейлерге хабарласып, 30 жастағы ұлының 4 тәуліктен бері із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған деп жазды turkystan.kz. Төлеби аудандық ПБ қызметкерлері қала көшелерін тексеріп, фотосуретін көрсету арқылы тұрғындар арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізді.
«Республика бойынша бағыттамалар жолданып, жоғалған жігіттің айрықша белгілері хабарланды. Жақындары мен туыстары, таныстары мен баруы мүмкін жерлер мұқият тексерілді. Іздеу жұмыстарына Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция, жедел уәкілдер мен патрульдік полицейлер жұмылдырылды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жоғалған жігітті Алматы қаласында жүрген жерінен тапты», - делінген Түркістан облысы Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Белгілі болғандай, азамат өзінің таныстарынан 75 миллион теңге қарызға ақша алып, оны құмар ойынға жұмсап жіберген. Бұл соманы иелеріне қайтара алмағандықтан, Алматы қаласына қашып кетуге мәжбүр болған. Табылған азамат отбасына аман-есен оралды. Ұлымен қауышқан анасы баласын тауып берген полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.