«Травматология бөліміне түсті. Басынан жарақат алған. Ем жүргізіліп жатыр», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.Ал оның анасы облыстық ауруханаға жеткізілді. Әйелді дәрігерлер тексеріп, үйіне жіберген.
Жүргізуші әйел 5 жастағы баланы қағып кетті (ВИДЕО)

Жүргізуші әйел 5 жастағы баланы қағып кетті (ВИДЕО)
Бүгін Ақтаудағы 17-шағынаудан 1 үйдің алдында болған көлік апатынан зардап шеккен 5 жастағы баланың жағдайы белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.
Оның жағдайы - орташа ауыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Зардап шегуші жедел жәрдеммен балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда дәрігерлер баланы тексеріп жатыр.