«Ер қадірін білмейтін қыңыр жұртпыз»: Артаев «Дикий Арманды» босатуды сұрады

«Ер қадірін білмейтін қыңыр жұртпыз»: Артаев «Дикий Арманды» босатуды сұрады

«Ер қадірін білмейтін қыңыр жұртпыз»: Артаев «Дикий Арманды» босатуды сұрады
ашық дереккөзі
Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев қамауда жатқан Арман Жұмагелдиевті («Дикий Арман») жақтап шықты. Боксшы оның «елге жасаған жақсылығын» тізіп, қамаудан босатуды сұрады деп жазды turkystan.kz. Қылмыскерге жанашырлық танытқан Бақтияр Артаев бұл туралы жазбасын Instagram-дағы парақшасына жариялады.
 «Арман Жұмагелдиев бауырым үшін жүрегім ауырады. Оның құқық қорғау органдарының қолына түсіп, қонақ үй қабырғасына сүйене отырған суретіне қарасам, көзіме тордағы қайрансыз қалған көкжалдың сұсты бейнесі елестейді. Иә, оны жұрт қылмыскер, банды санайды. Арман – жемін түзден тауып жейтін қасқыр жігіт. Шамасы келсе, түзден тапқанын жұртымен қақ бөлісіп жейді. Оны білеміз. Пандемияның алғашқы жылы жұрт бір жұтым ауаға қиналып, қынадай қырылған кезде егілген жұрттың қыстыққан дауысын алғаш естіген бөрінің бірі сол еді. Біз ер қадірін білмейтін қыңыр жұртпыз ғой. Бірақ, тірісі білмесе де кешегі пандемияда сол Арман арттырған ИВЛ аппараттарының көмегімен жарты минут болса да бір жұтым ауаның қадірін білгендер бар. Көздері жәудірей жатып жан тапсырған талай қазақ баласы Арманға алғысын айтып кеткен де шығар. Айтпағым, Арман бауырыма бостандық сұраймын. Елінің бөрісі аман бол» деп жазды ол.
Чемпион жұрттың Арман жасаған жақсылықтарын білетінін, бірақ айта алмайтынын да тілге тиек еткен. Өзі оның ел-жұртына жасар жақсылығы шашетектен екеніне сенімді. Қарапайым жұрт Артаевтың жазбасына жақсы пікірлер жазғанмен, журналист Гүлмира Әбіқай оның бұл бастамасына қарсы шықты.
«Арманды көруге алаңға барып, аңырайып бетіне қарап тұрып, қаншама жас жазықсыз өлді. Азаматтығы бар шығар. Қылмысын қайда қоямыз? Қылмыс түбі – жаза. Мен үшін сен батырсың, Бақтияр Артаев. 2004 жылғы Афины Олимпиадасы, соңғы күні барша қазақты жылатып, жұбатып, жалғыз медаль әкелген Алаш чемпионысың. Өзің бар бол, аман бол! Арманды қайтесің, ертең-ақ оны шығарып алады. Ал сен бізге керексің», - деген пікір білдірді ол.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Бахтияр Артаев (@bakhtiyar_artayev)