Бейжің-2022: ирандық спортшыдан допинг анықталды

Бейжің-2022: ирандық спортшыдан допинг анықталды

Бейжің-2022: ирандық спортшыдан допинг анықталды
ашық дереккөзі
Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында алғашқы оң допинг-сынама тіркелді деп жазды turkystan.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. Халықаралық допинг тестілеу агенттігі хабарлағандай, ирандық тау шаңғышысы Хуссейн Савех-Шемшакидің допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Спортшы дегидрометил-тестостерон метаболиттерін қолданды деген күдікке ілінді. Сөйтіп, ол жарысқа қатысудан уақытша шеттетілді. Айта кетсек, қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Хуссейн Савех-Шемшаки ұлттық құраманың туын ұстап шыққан болатын.