Головкинмен биыл жұдырықтасуға келіскен Альварестің гонорары да айтылды

Головкинмен биыл жұдырықтасуға келіскен Альварестің гонорары да айтылды

Головкинмен биыл жұдырықтасуға келіскен Альварестің гонорары да айтылды
ашық дереккөзі
Сауль «Канело» Альварестің гонорары және Геннадий Головкинмен жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Сайт мәліметінше, мексикалық боксшы 2022 жылы DAZN қызметінде құны 85 миллион доллардан асатын 2 жекпе-жек өткізбек. Қазір олар мәміле жасасып жатыр. Бұл деректерге сүйенсек, дереккөз «күрделі схема» деп атаған «Канелоның» жоспары мынадай: 7 мамыр – «Канелоның» жартылай ауыр салмаққа ауысуы және WBA белбеуінің иегері Дмитрий Биволмен жекпе-жегі; 17 қыркүйекте Альварес супер орта салмаққа оралып, Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегінде 4 белбеуді де қорғайды.
«Дереккөз мәліметінше, келісімге әлі қол қойылған жоқ. Бірақ келіссөздер аяқталуға жақын» делінген хабарламада.