«107 мың қазақстандық колледжде тегін оқи алады» – министрлік

«107 мың қазақстандық колледжде тегін оқи алады» – министрлік

«107 мың қазақстандық колледжде тегін оқи алады» – министрлік
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрлігі елімізде тегін орта кәсіптік білім алушылар санының артатынын хабарлады, деп жазды turkystan.kz.
«2022 жылы колледждерде білім алуға мемлекеттік тапсырыстардың саны 10 мың орынға артады. Колледждерде мамандықты тегін оқи алатын қазақстандықтардың жалпы саны 107 мыңға жетеді», – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Сондай-ақ биылғы оқу жылында алғаш рет тағы 3 квота енгізілгені атап өтілді. Бұл – көпбалалы, толық емес және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар.