Комитет төрағасы Самат Ерғалиев Мәсімовтің орнына келді

Комитет төрағасы Самат Ерғалиев Мәсімовтің орнына келді

Комитет төрағасы Самат Ерғалиев Мәсімовтің орнына келді
ашық дереккөзі
Qazaq kuresi қауымдастығының президенті болған Кәрім Мәсімовтің өкілеттігі тоқтатылды. Қауымдастық құрылтайшыларының кезекті жалпы жиналысының қорытындысы бойынша бұл ұйымға Самат Ерғалиев президент болып сайланды, деп жазды turkystan.kz. Самат Серікқанұлы қазір Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарады. Еркін күрестен спорт шебері, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Айта кетсек, Qazaq kuresi қауымдастығы 2020 жылы құрылған болатын. Сол кезде қауымдастықтың президенті қызметіне Кәрім Мәсімов сайланған еді. Бірнеше жыл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Кәрім Мәсімов 8 қаңтарда ұсталып, «мемлекетке опасыздық жасау» бабы бойынша қамауға алынды.