«Депутаттар тергеуші болған ба?»: журналист түрмеге барған шенеуніктерге шүйлікті

«Депутаттар тергеуші болған ба?»: журналист түрмеге барған шенеуніктерге шүйлікті

«Депутаттар тергеуші болған ба?»: журналист түрмеге барған шенеуніктерге шүйлікті
ашық дереккөзі
50286
Журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы Facebook-тегі парақшасында түрмеге барып, күдіктілерге сұрақ қойған депутаттарды сынға алды, деп хабарлады turkystan.kz. 5 ақпанда Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасында көрсетілген сюжетте депутат Берік Бекжанов Елбасының ескерткішін құлатқан жігіттен «Сізге түрмеде қысым көрсетіле ме? Олар күш қолдана ма? Мұнда емделіп жатырсың ба?» деп сұраған болатын. Бұл сюжетті көрген журналист «Сондай сұрақ қоюға ұялмай ма?» деп оқырмандарына сұрақ қойды.
«Жалпы, олар СИЗО-да не істеп жүр? Күдіктілердің, қылмыскерлердің ең жақын туыстарын кіргізбейтін түрмеге депутаттарды кіргізетін болған ба? Әлде тергеушілер мен прокурордың міндеттерін депутаттар атқаратын болған ба? Депутаттардың өздері сол сұрақтарына өкінетін болады» деп жазған ол.
Тағы оқи отырыңыз: «Бойы – бір қарыс, тілі – қырық метр»: журналист Серікжан Біләшқа қайта соқтықты

Серіктес жаңалықтары