Марғұлан Сейсембай «Қазақстан халқына» қорына ақша аудармайтынын айтты

Марғұлан Сейсембай «Қазақстан халқына» қорына ақша аудармайтынын айтты

Марғұлан Сейсембай «Қазақстан халқына» қорына ақша аудармайтынын айтты
ашық дереккөзі
Қазір «Қазақстан халқына» қорына біршама ауқатты азаматтардың аударған қаржысы 100 миллиард теңгеден асты. Алайда Мемлекет басшысы 28 қаңтар күні кәсіпкерлермен өткізген кездесуінде қорға әлі ақша аудармаған бай-бағландардың ол әрекетін ашкөздік пен селқостық деп бағалаған еді. Ал белгілі бизнесмен Марғұлан Сейсембайдың өз уәжі бар деп жазды turkystan.kz. Stan.kz тілшісіне ол қорға ақша аудармақ ойы да жоқ екенін айтып берген.
«Мен бұл қорға ақша аудармаймын. Өйткені бұрынғы биліктің тұсында байығаным шамалы. Керісінше, бұрынғы Үкімет менің бүкіл байлығымды тартып алды. Ал өзімнің халқыма зекет, садақа, қайырымдылық пен білім жүйесі арқылы жеке көмектесемін», - дейді кәсіпкер.
«Қор экономикалық мәселелерді тиімді шешуге көмектесе ме?» деген сұраққа ол «Қор қаншалықты үлкен болса да, ол қазіргі қоғамдағы мәселелердің жарты бөлігін ғана шешуге көмектеседі» деп жауап берген.
«Ұзақ жылдар бойы мемлекеттің өзі шеше алмаған мәселелерден ешқандай қор құтқара алмайды. Мұндай “түбі тесік” қорларды құрудың орнына, мемлекет пен бюджетте тәртіпті қалпына келтіру маңызды. Ал мұның барлығы саяси реформалар жүргізілгенде ғана мүмкін болады. Басқа жол жоқ», - дейді Марғұлан Сейсембай.