305
Қазақстан судьяларының әдеп кодексі қабылданды
Қазақстан судьяларының әдеп кодексі қабылданды
Астанада өтiп жатқан республика судьяларының VII съезінде Қазақстан судьяларының әдеп кодексi қабылданды, деп хабарлайды Baq.kz.
Жаңа кодекс «Қазақстанның сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңын басшылыққа ала отырып дайындалған. Әдеп кодексі судьялардың тәуелсіздігін, объективтілігін, адалдығы мен теңдігін, әдеп нормаларын сақтауын, құзыреттілігі мен ұқыптылығын одан әрі арттыра түседі деп көзделген.