Екібастұз тұрғыны 9-қабаттағы балконның үстінде ұйықтап қалған (ВИДЕО)

Екібастұз тұрғыны 9-қабаттағы балконның үстінде ұйықтап қалған (ВИДЕО)

Екібастұз тұрғыны 9-қабаттағы балконның үстінде ұйықтап қалған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50243
Екібастұз қаласында ер адам 9 қабатты үйдің балконының үстінде ұйықтап қалған, деп хабарлады turkystan.kz Павлодар облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәліметке сүйенсек, Полиция басқармасының кезекші бөліміне Сәтпаев көшесіндегі 9 қабатты үйдің балконында ер адам жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу автопатруль, жедел медициналық көмек және төтенше жағдай қызметі жіберілген.
«39 жастағы ер адамның үй төбесіне шатыр арқылы көтерілгені, содан кейін 9 қабатты үйдің балконына түскені белгілі болды. Артынша пәтерге кіруге тырысқан. Ол 9 қабатты үйдің биіктігінде жарты сағат бойы жатты», - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Құтқарушылар ер адамды биіктен түсірді. Осыдан кейін полиция қызметкерлері қала тұрғынын медициналық куәландыруға жіберді. Оның қорытындысы бойынша ер адамның мас халде болғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы, 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ер адамның бұрын құқықбұзушылықтың осы түріне тартылғанын ескерсек, оны қайталағаны үшін 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Серіктес жаңалықтары