Алматыдағы 20 мың террористің кімдер екені анықталды

Алматыдағы 20 мың террористің кімдер екені анықталды

Алматыдағы 20 мың террористің кімдер екені анықталды
ашық дереккөзі
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Қаңтар оқиғасына қатысты «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында 20 мың террористің кімдер екенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz. Журналист «Алматыға шабуылдады деген 20 мың террорист кімдер? Әуежайды басып алса да, өз талаптарын айтпаған қарулы топтар мен қаза тапқандардың мүрдесін ұрлап кеткен қандай террористер?» деген сұрақ қойды. Бұл сұраққа Ерлан Қарин толығырақ жауап берді.
«Бұл жерде мына нәрсені ашып айту керек. Бізге, әдетте, террорист дегенде, белгілі бір образдағы адам елестейді. Қару асынған, әскери киім киінген адам деп талдайды. Соңғы болған оқиғаларда да стереотиптер тұрғысынан қабылдап, қалай елімізге осынша террорист кіріп кетті деді. Терроризм тақырыбын талдағанда, идеологиялық себептерін іздеп, әуестеніп жатамыз. Терроризм – идеология емес, іс-әрекет. Соңғы болған оқиғаларда әкімшілік ғимараттарды, әлеуметтік нысандарды басып алу, әскерилерге қарулы шабуыл, ақпараттық нысандарға шабуыл террористік акт ұғымын білдіреді. Шет елде басқа да анықтамалар қолданылады», - деді ол.
Тағы оқи отырыңыз: Қаңтардағы қақтығыс туралы толық видео шықты Орталық музейге шабуылдағандар көшеде намаз оқып тұр (ВИДЕО)