Мароккода құдыққа түсіп кеткен бала қайтыс болды (ВИДЕО)

Мароккода құдыққа түсіп кеткен бала қайтыс болды (ВИДЕО)

Мароккода құдыққа түсіп кеткен бала қайтыс болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Марокконың Тармут қаласындағы 32 метрлік тар құдықтан құтқарушылар аман алып шыққан 5 жасар бала көп ұзамай ауруханада қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл хабарды Марокко королі жариялап, баланың ата-анасына көңіл айтты. Құтқарушылар бригадасының басшысы Абдельхади Тамрани құдыққа түсірілген камерадағы кадрдан 5 жасар Райанның қандай күйде екенін түсіну қиын екенін айтты. Ол бір қырынан қимылсыз жатқан. Құтқарушылар Райанға жеткенде, жер астында оған медициналық мамандар тексеру жүргізді. Ұзақ уақыт жер астында болу немесе бас жарақаты өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін еді. Райан 2 ақпанда диаметрі небәрі 45 сантиметр болатын тар құдыққа құлап кеткен. Құтқару бригадасының жетекшісі Абдельхаби Темрани топырақтың ерекшеліктеріне байланысты құдықтың түбіне қарай тоннель қазу керек екенін жеткізді. Операция кезінде құтқарушылар баланы оттегі түтігі мен сумен қамтамасыз ете алды. Қазу жұмыстар 5 күнге созылды, нәтижесінде бала сыртқа аман шығарылды. Бірақ, көп ұзамай, Райан алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды.