Балқаш көлінен мұз астында қалған екі адамның мәйіті табылды (ФОТО)

Балқаш көлінен мұз астында қалған екі адамның мәйіті табылды (ФОТО)

Балқаш көлінен мұз астында қалған екі адамның мәйіті табылды (ФОТО)
ашық дереккөзі
Балқаш ауданы Құйған ауылының екі тұрғыны мотоциклмен Жамбыл облысының Шығанақ ауылына қарай шығып, содан бері із-түзсіз кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.  Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы рет 37 және 35 жастағы ер адамдар 3 ақпанда байланысқа шыққан. Олардың бірі әйеліне хабарласып, өздерінің адасып кеткенін айтқан. Келесі күні олардың денесін Балатопар ауылынан 25 шақырым қашықтықтағы Құйған ауылының тұрғындары Балқаш көлінен тапты (қатып қалған), мотоцикл көлге батып кеткен. Өлімнің себебі анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта көлдегі мұздың қалыңдығы - үш-бес сантиметр. Алматы облысының ТЖД азаматтардан сақтық шараларын сақтауды және қатпаған, жұқа мұз бетіне шықпауды сұрайды.