«Еуропада коронавирус пандемиясы аяқталуға жақын» – ДДСҰ

«Еуропада коронавирус пандемиясы аяқталуға жақын» – ДДСҰ

«Еуропада коронавирус пандемиясы аяқталуға жақын» – ДДСҰ
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропада коронавирус пандемиясының аяқталуға жақындап қалғанын мәлімдеді, деп жазды turkystan.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Ұйымның еуропалық директоры Ханс Клюге Еуропада вирусты бақылауға алудың бірегей мүмкіндігі бар екенін айтты.
«Коронавирустан қайтыс болғандардың саны азайды және Еуропада үш факторға байланысты пандемияны тоқтату мүмкіндігі бар. Олар – халықты вакциналаудың жоғары деңгейі мен бұрын ауырған адамдардың көптігі, вирустың жылы мезгілде азырақ таралу бейімділігі және омикрон штамының ауыр ауру тудырмауы. Бұл қорғаныс кезеңін шиеленісті тоқтату деп санаған жөн, бұл мықты тұрақтылықты әкелуі мүмкін», - деп түсіндірді Ханс Клюге.
ДДСҰ өкілінің пайымдауынша, ұзақ тұрақты кезең және тұрғындарды вирустың кез келген таралуынан әлдеқайда жоғары деңгейде қорғау көктемде басталуы мүмкін.