Қылмыстық топ мемлекетке 3 миллиард теңге шығын келтірген

Қылмыстық топ мемлекетке 3 миллиард теңге шығын келтірген

Қылмыстық топ мемлекетке 3 миллиард теңге шығын келтірген
ашық дереккөзі
Алматыда бақылаудағы компаниялар арқылы ұйымдарға салық төлеуден жалтаруға көмектесіп жүрген қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты, деп жазды turkystan.kz. Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 адамнан құралған топ жалған шот-фактуралар мен бухгалтерлік құжаттар жасаумен айналысып келген. Сөйтіп, материалдық сыйақы алып отырған. Күні кеше бұл қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
«Айыпталушылар 2018-2020 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарға 4 коммерциялық компания арқылы салық төлеуден жалтару бойынша көмектескен. Сөйтіп, мемлекетке 3 миллиард теңгенің шығынын келтірді. Сондай-ақ айыпталушылардың тұрғылықты жерінде салмағы 849 грамм болатын тыйым салынған марихуана өсіргені анықталды. Алматы полициясы тыйым салынған есірткі заттарына қатысты істі тергейді», - делінген хабарламада.
Сот үкімімен айыпталушылар Қылмыстық Кодекстің 216-бабы, 3-бөлігі («Іс жүзінде жұмысты орындамай шот-фактура жазу бойынша іс-әрекеттер жасау») бойынша кінәлі деп танылды. Оларға 3 жылдан 4,8 жылға дейін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.