Қоқыс жәшігінен табылған мәйітке қатысты күдікті ұсталды

Қоқыс жәшігінен табылған мәйітке қатысты күдікті ұсталды

Қоқыс жәшігінен табылған мәйітке қатысты күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Осыдан екі күн бұрын Шымкент қаласындағы қоқыс контейнерлерінің бірінен әйелдің жансыз денесі табылған болатын. Полиция күдіктіні ұстады, деп жазды turkystan.kz. Қалалық Полиция департаменті хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Іздестіру шараларының барысында 1970 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Тергеу тобы құрылып, тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомство қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеу сатысында екенін атап өтті. Тағы оқи отырыңыз: Шымкентте қоқыс жәшігінен әйелдің мүрдесі табылды.