Қазақстанның криминалды авторитеті «Леха Маймыш» ұсталды (ВИДЕО)

Қазақстанның криминалды авторитеті «Леха Маймыш» ұсталды (ВИДЕО)

Қазақстанның криминалды авторитеті «Леха Маймыш» ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Мәскеуде қылмыс әлемінің серкесі, қазақстандық Айтқали Маймышев ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап. Ресейдің жедел іздестіру тобы мен арнайы жасақ Маймышевті «Альфа Измайлово» қонақүйінен ұстағанын хабарлады. Оның Мәскеуге екі күн бұрын таулы Алтай өңірінен ұшып келгені анықталды.
«Маймышев Айтқали Мұқашұлы. 1958 жылы 10 сәуірде дүниеге келгенмін. Лақап атым - Леха Семипалатинский (кезінде «Леха Маймыш» деген атпен танылған, - ред.). Бұрын түрлі қылмыспен сотты болғанмын. Жалпы, барлық бағытқа Мәскеу арқылы ұшады ғой, мұнда келудегі мақсаттың бірі сол», - деді ол ұстау барысында.